Атырауда мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіп дөңгелетеміз деген бір топ шаруа сан соғып қалды

Атырауда мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіп дөңгелетеміз деген бір топ шаруа сан соғып қалды. Айтуларынша, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен несие серіктестігін құру арқылы мал шаруашылығын дамытуға 2013 жылы жеңілдікпен несие алған. Алайда серіктестіктің үш адамы несие төлемегендіктен, қарызын жапқан қалғанының есепшоттары бұғатталып, қарапайым медициналық көмектің өзін ала алмай жүр. Осыдан 11 жыл бұрын «Байда» несие серіктестігіне 27 адам топтасқан. Олар 60 млн теңгені бөліп алыпты. Райымбек Ғалымжанов өз несиесін толық өтеген. Бірақ серіктестіктің басқа мүшелеріне жауапты болатынымды мүлдем білмедім,- дейді. Тіпті құжатқа да қол қоймағанын айтады. Райымбек ҒАЛЫМЖАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:5 балам бар. 2019-дан бері ешқайда жұмыста жоқпын. Үйде асыраушы жалғыз мен. 500 мың теңге үшін осылай жүрміз, бірнеше жыл болды. Қазір жұмысқа кірдім. Счеттың бәрін арестке жауып тастаған. Енді қалай шешілетінін білмеймін. Солидарный отвествонность туралы айтылған жоқ, договорға қол қойғанымыз жоқ. Ондай бізге түсірілген жоқ. 500 мың теңгені қалай алдық,төледік, қолымыда квитанциямыз, бәрі бар. Несиесін толық өтегендер де әлі күнге қарыз қамытынан босай алмай жүр; есепшоттары бұғаттаулы, зейнетақыны толық алмайды, дәрігерге тегін қаралуды ұмытқан. Ортақ жауапкершілік дегенді білгенде мемлекеттік бағдарламамен бір тиын да алмаушы едік, - деп өкінеді. Одан бері екі адам өмірден озған. Жанар СҮНДЕТҚАЛИЕВА, АДВОКАТ:27 тұлғаның екеуі қайтыс болып кетеді. Екі тұлғаға қатысты кепілдің қол қойған бөлімі жарамсыз деп танылды соттың шешімімен. Шартта 27 адам солидарный жауапкершілік алып отыр. 3 адам төлемей отыр. Қалғандары кезектерінен ерте төлеп, кредиттерін жапқан. Бұл кісілер ортақ жауапкершілік бар екенін кейін біліп отыр ғой. Шаруалардың қақпаған есігі қалмаған. Бұл жолы «Атамекен» палатасы ортақ диалог жасауға тараптарды шақырды. Несие берген тарап «Атырау» ӘКК келесімге келгісі жоқ. Қазына қарысын қайтсек те бюджетке қайтарамыз деп бекініп отыр. Қайсар ҚҰРМАНӘЛИЕВ, «АТЫРАУ» ӘКК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:Қазір «Байданың» 17 миллион қарызы бар. Сол қарызды бәрі бөліп, мен осылай төлеймін деп шығарып беретін болса , бізге келіп, есебін шығарып, сотқа жіберетін болсақ , қол қоюға дайынбыз деп отырмыз. Қазіргі уақытта «Байда» несие серіктестігі таратылған. Бұрынғы мүшелер қалған соманы несиені төлемей отырған бірнеше азаматтан өндірсін», - деген талап қойды. Айта кетейік, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» бойынша 2 миллиард 800 миллион теңгені 1174 адамға несие түрінде берген. Бұл процесс 65 несие серіктестігі арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта ондаған несие серіктестігі «Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына», олар облыс әкімдігіне қарыз. Берешектің көлемі 1 миллиард теңгеде асады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО)
Анналена Бербок 17 жылдық некеден кейін күйеуімен ажырасты
«Тойды қарызға алып жасадым, келіншегіме мақтанғым келді»: танымал блогер шындығын айтты
Алматыда тұрақты даму жобалары талқыланды
Қатерлі ісік, қаш! Онкологиядан қорғайтын сусын аталды
«Мен оны көбірек құрметтеймін». Шавкат Рахмоновтың қарсыласы мәлімдеме жасады
«Әйел қылықты болуы керек»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көргенін айтқан әйелге кеңес берді
Әлібековтің Lamborghini көлігі қағып өлтірді: Қаза тапқан жігіттің парақшасында жазба пайда болды
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Зеленский Украинаның әуе қорғанысының жаңа жүйелерін алатынын мәлімдеді
Балтық елдері НАТО одақтастарын Киевке көмекті күшейтуге шақырды
Угледар маңында ресейліктер Украинаның бес жауынгер тұтқынын атып тастады
Анналена Бербок 17 жылдық некеден кейін күйеуімен ажырасты
«Тойды қарызға алып жасадым, келіншегіме мақтанғым келді»: танымал блогер шындығын айтты
АҚШ Ресейдің 50-ден астам банкіне қарсы жаңа санкциялар салды
Алматыда жиһаз цехында өрт шықты
«Орешник» зымыраны РС-26 «Рубеж» баллистикалық зымыранының негізінде жасалған
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы айтты
Астанада электромобильдерді пайдалану бойынша мамандар даярланады
Астанада алғаш рет Абай шығармашылығына арналған моноопера сахналанды
«Бірінші бол» медиа-жобасы жылдың ең үздік жас комментаторына 500 мың теңге сыйақы табыстады
Жел күшейеді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті