Атырауда мопедпен көлікке соғылған 15 жасар жеткіншектің анасы айыппұл төледі

Атырау облысыдағы Құлсары қаласында 15 жасар жасөспірім мопедпен көлікке соқтығысқан. Ұлының әрекеті үшін анасы айыппұл төледі.Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімнің анасы Р.С-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. «Р.С-ның кәмелетке толмаған 15 жасар ұлы Н.Л. биылғы мамыр айында Құлсары қаласында „Самурай“ мопедін жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп, Toyota Camry маркалы көлігімен соқтығысқан. Анасының ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген. Р.С.-нің кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденді. Ол сотта кінәсін мойындап, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.Сот қаулысымен Р.С. жоғарыда көрсетілген баппен кінәлі деп танылды.Оның жеке басы, жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай, құқық бұзушылықтың сипаты ескерілді.Оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды
WBC президенті Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық белбеуге таласуы керектігін айтты
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты