Атырауда «Нұрлы Тал» этнопаркінде қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлері

Атыраудағы демалыс саябақтары мен алаңдары, тіпті ірі сауда орындарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның ішінде ұлттық салт-дәстүрді насихаттап жүрген «Нұрлы Тал» этнопаркінде ерекше думан. Мұнда қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері жаңғыртылуда. Тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы думан ортасында жүр. Базаргүл, сіз эфирдесіз.... ? Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ия, мереке бізде де қызып жатыр . Күн бұлтты болса да, ол көңіл күйге еш әсер етіп жатқан жоқ. Былайғы күнде де әр. бұрышынан ұлттық леп сезілетін «Нұрлы Тал» этнопаркі тіптен жайнап кеткен. Анау жерде балалар алтыбақан тепсе , мына тұста әжелер қара қазанда иісін бұрқыратып бауырсақ пісіріп жатыр. Еркінқала ауылына қарасты 10шақты мекеме бірлесіп, ауыл тұрғындарына ерекше мереке сыйлауда. Ерекше демекші, қазақтың ұмыт болып бара жатқан шарғы салу, қазан шегелеу, қап қағар, тулақ шашу , өңірсалу, мойынтастар секілді салт-дәстүрінен көрініс қойды. Гүлбану ҚОНАЕВА, «БОЛАШАҚ» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Малдың жүнін сабап, оны иіріп, пайдаға асыру үшін ауылдың әжелері, аналары жас келіндерді, қыздардың басын қосып, жүн сабауға ұршық үйіруге шақырған. Тулақ шашу деген – осы. Яғни жинар алдында бәріне дастархан жасап,шашу шашып ас берген. Ауыл тұрғындары мереке тамашалауға келген жай көрермен емес. Олардың арасында қариялар бата айтса, қыз-келіншектер «Ісмер қолдар» сайысында ою ойды. Жастар наурызға байланысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа қарық болды. Жігіттер жағы бұқа тартыс, арқан тарту, кір тасын көтеріп, садақ атудан бақ сынады. Аухат ТІЛЕГЕНОВ, ЕРКІНҚАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бәрі көңілді. Өте тамаша. Күн кішкене салқындау болса да, бірақ адамдардың көңілі жарқын. Жүздерінен күлкі кетпей, наурызға келіп, бірімізді құттықтап, кеше көріспеген адамдар бір-бірімен көрісіп жатырмыз. Құтты болсын наурыз. Еліміз тыныш болсын. Мерекеге келушілерге ұлттық нақыштағы киім киіп келу талабы қойылған. Сондықтан көздің жауын алар кәжекей мен шапаннан көз сүрінеді. Наурыздың басты дәмі наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылды. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ән мен жырдың, көл-көсір молшылықтың, ізгілік пен сыйластықтың, жаңару мен жаңғырудың белгісі ретінде Ұлыстың Ұлы күні қаладағы шағын алаңдар мен қала маңындағы барлық ауылда түрлі форматта өтіп жатыр. Ал ертең он күнге созылған наурыз мерекесі орталық алаңда театрландырылған қойылыммен қорытындыланады. Бекболат бізде әзірге осы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дани Ольмо мен Пау Виктор «Атлетикке» қарсы ойынға қатыса алады
Денис Евсеев жұптық разрядта ширек финалға шықты
Баян Мақсатқызы 18 жасындағы фотосын жариялады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, өз-өзіне қол жұмсаған
2025 жылы қандастарға қанша өңірлік квота бөлінді