Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су болмайды.«Атырау жылу жүйелері» АҚ осы жылдың 4-15 қыркүйегі аралығында күрделі жөндеу кестесіне сәйкес магистральдық жылу желілерін толық тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатқанын қала тұрғындарына хабарлайды. Осыған байланысты қаланың барлық жылу пункттерінен ыстық су беру тоқтатылады», - деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.