Атырауда орта мектеп директоры туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды

Атырауда орта мектеп директорынан туберкулездің ашық түрі анықталды. Алайда жұқпалы дертке шалдыққанын білмей, ол қанша уақыт бойы білім ордасында жүргені белгісіз. Сондықтан қала мектебінің ата-аналары құрт ауруы балаларына жұғып кетпеді ме деп қауіптеніп отыр. Мектеп басшысы жаңа жылдан кейін өзін жайсыз сезініп, жиі шөлдеп, салмақ тастай бастағанын байқаған. Рентгенге түскенде өкпесінде өзгеріс бар екендігі анықталыпты. Бірақ дәрігерге қаралмай, өздігінен ем қабылдаған. Жұмыста жүріп, жекеменшік медициналық ұйымдарға барған. Тексерістерден соң қан диабеті анықталған. Онан кейін туберкулез диагнозы қойылған. Дәрігерлер мектеп директорын бір жылдық медициналық тексерістен соңғы рет былтыр ақпан айында өтті деп отыр. Сол кезде жұмысқа жарамды болған. Ол басшылық ететін мектепте 1300-ге тарта оқушы білім алады. 112 мұғалім қызмет еткен.Еркін САБИРОВ, №4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Науқасымыз қазір облыстық фтизопульмонологиялық орталықта жатыр. Туберкулез таяқшасын бөлу түріменен ауырып жатыр. Оны өзінің тиісті аппараттарда, құрылғыларда анализдердің қорытындыларымен бекітілген. Білім бөлімі басшылығы директордың қаңтар айынан бері оқушылармен байланыста болмағанын айтып отыр. Сондықтан тек мұғалімдер мен отбасы мүшелерінен зертханалық сараптама алынады. Бұл жағдайдан кейін білім беру ұйымдары қызметкерлерінің санитарлық кітапшасының жалған не жалған еместігі де тексерілмек. Б. Нәдірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
Щучинскте монша өртенді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды