Атырауда өртке оранған үй тұрғындары пәтеріне кіре алмай қаңғып жүр

Атырауда өртке оранған үй тұрғындары пәтеріне кіре алмай қаңғып жүр. Қаладағы Сырым Датов көшесіндегі нөмірі 29-үй халқы бір аптадан бері көз іле алар емес. Айтуларынша, бір пәтер қызыл жалынға оранғанан бері жарық жүйесі істен шығып, әлсін-әлсін электр желісі тұйықтала береді. Салдарынан тағы да қауіп төне ме деген қорқынышпен өмір сүріп жүргендерін айтады.Бұл - бір апта бұрынғы өрт кезіндегі видео. Өрт сөндірушілер автосаты арқылы 7, құтқару қалпақтарымен 50-ге тарта адамы эвакуациялаған еді. Содан бері күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдық,- дейді мұндағы 36 пәтердің тұрғындары. Салтана СҮНДЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өрттің салдарынан 4,5,6 этаждар зарап шеті. Біздің қоятын талаптарымыз үкіметке тездетіп подъезімізге ремонт жасау. Екіншіден үйің ішінде 36 пәтердің тоқтарын тексертіп, қарату, расслеование өткізу. Нақты неден болғанын білмей отырмыз, үрейленіп отырмыз осы үйде. Иісі, күлі, үйге енді кіріп жатырмыз, шыдамай подъездің айналасын жуып болдық. Сонда да иіс масқара. Тоқ соғып жатыр. Зиба ӘЖІҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің үйім өртенген үйдің астында тұрамын. Бүкіл өрт сөндіруге келген 2-3 машинаның өрт сөндірушілердің бүкіл суы менің үйіме ақты. Олай жасаймыз, бұлай жасаймыз деп, ертең келіп светті қостырды. Қостырғанмен ,айтқандай, көп үйлердің тоқтары замыкане болып тұр бәрі де +Мен ойлаймын әкімішілік өздерінің басын алып қашу сиықты. Одан кейін бізге ешқандай хабарласып жатқан жоқ. Бұл үй 2013 жылы әлеуметтік осал топтарға берілген. Көпшілігі көп балалы отбасы. Сондықтан ешкімнің есігін жағалай алмаймыз,- дейді. Ал пәтерге оралсақ, электр желісі тұйықталып тағы өртке орана ма деп уайымдайды. Өйткені былтыр да үйде өрт болған. Тұрғындар өрттен соң іле-шала жөндеп береміз деген әкімдік өкілдері уәделерін ұмытты деп өкпелі. Анар ДӘУЛЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 7 баламен білесіздер ешкім үй жалдамайды қазіргі таңда. Әкімшіліктің берген тарабы 2-3 күнге электриктер жүрді. Мен бір айға үй жалдап алдым. 150 мыңға үй жалдап алдым. Келесі айда қайда барамын. Сабағы бар. Мен болмағанда, қырғын көршілерім ақшаның жоқтығынан үйлерінде отыр қазір. Ал әкімдіктегілер болса, анықтама тапсырып, бір реттік көмек алуға кеңес берді. Одан бөлек электр желісін жаңартық деп отыр. Талғар ХАБИБУЛЛИН, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ӘСКЕРИ ЖҰМЫЛДЫРУ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жөнеу жұмыстарына ешқанадай қаржы қаралмаған, бәрі демеушілік арқылы жасалып жатыр. Нақты не істелу керек болып тұр, уәждерін тыңдап, әрі қарай демеушілік арқылы жасап беретін боалымз толықтай. Бірақ әкімдік өкілі сөзін тұрғындар жоққа шығарып отыр. Олар желінің тек өртенген жерін емес, толық ауыстыруын талап етуде. Әрі өртке оранған подъезді жөндеп, есіктерін ауыстырса дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында І халықаралық скрипкашылар байқауы өтті
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды