Атырауда 4 мамырда сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды. Адамдарды құтқару сәтінің видеосы да жарияланды.ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды."Сондай-ақ, сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді", делінген полиция хабарламасында.Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.Атырау облысы ТЖД өрттің Махамбет даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болғаны нақтыланды.