Атырауда «Сарайшық» сапар орталығы ашылған бес айда еліміз бен алыс-жақын шет елдерден 20 мыңға жуық турист келген. Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қаланың жұмбаққа толы сырына қызығушылық танытушылар өте көп. Биылдың өзінде көне қала орнында бірнеше экспедиция жүргізілді. Қаланың кіреберісіне қақпа салынды. Болашақта көне қаланы сақтау бойынша жоспарлар да көп.Жаңа сапар орталығында XIV ғасырдың өзінде озық технологиямен танылған қаланың тұтас бейнесін ашатын 9 зал бар. Келушілерге қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жан-жақты ақпарат беріледі. Қала орнына қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұланнан бастап, талай ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізді. Өкінішке қарай, Жайық суы шайып, сақталмады. Мадияр ЕЛЕУОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біріншіден, осы қаланың тарихи топографиясын толық анықтау керек. Әлі Сарайшықтың жасы толық анықталған жоқ. Содан кейін бұл жердің топырағы өте ылғал, тез бұзылып кетеді. Оларды сақтау жұмысы бар. Қала орнын қазу үшін ауылдағы бейітті көшіру керек. Алайда ауыл тұрғындары наразы болып, кейін түсіне бастаған. Биыл Сарайшыққа кіреберіс қақпа салынды. Болашақта тағы 2 қақпа салып, қоршау жоспарда бар. Сондай-ақ биыл қазба жұмыстарының нәтижесінде қонақтарды қабылайтын бөлме табылды. Айбек ТҰРАРҰЛЫ, «САРАЙШЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ, АРХЕОЛОГ:Биылғы табылғаны моншаның орны біздің шамамыз бойынша алытн ордадан кейінгі ноғайлы –қазақ кезеңіне келеді. Таспен төселіп, алибастормен жиектелген. Екі пештің орны бар. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан шығатын 3 керуен жолы анықталған. Музей қызметкерлері бұл жаңалықтарды болашақта бөлісеміз,- дейді. Ал көне қаланың тарихына үңілгісі келетін туристер үшін мұнда қонақ үй, асхана бар.