Атырауда соңғы бес жылда психикалық ауытқуы бар науқастар күрт көбейіп кеткен

Атырауда соңғы бес жылда 18 жастан асқан психикалық ауытқуы бар науқастар күрт көбейіп кеткен. Тіпті аймақтағы арнаулы қызмет көрсету орталығына сыймай жатыр. Мамандардың айтуынша, кезегін күтіп жүріп, дүниеден өтіп кетіп жатқандар да бар. Махамбет ауданының Сарайшық ауылында орналасқан 310 орындық 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы науқасқа лық толы. Мұнан бөлек өңірде тағы 150 науқас кезек күтіп тұр. Олардың бәрі -18 жастан асқандар. Әсіресе, қарт ата-аналар ересек ұлдарын бағу қиын екенін айтып, жиі шағымданады,- дейді мамандар. Азамат МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:80-нен асқан әжеміз келді. Қолында 45-тен асқан баласы бар психоневрологиялықм аурумен ауратын. Өте қиын жағдай. Себебі әр кезде ұру фактілері те тіркеліп жатады екен мамасын. Аурудың қозуы мықты болар. Психикалық ауруға шалдыққан адам санының көбеюінің бірінші себебі – ұят. Қоғамның, жақындарының табасынан қорыққан науқас емделудің орнына, оны жасырып әлек болады. Сөйтіп, қалай асқынғанын да білмей қалады. Сағат АЛТЫНБЕКОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТАС БАС ПСИХИАТРЫ:Көршілер, туыстар қалай қарайды, мектепте балалар қарайды, мұғалімдер қалай қарайды. Өзімізді алсақ , әріптестеріміз қалай қарайды деп ұяламыз. Дәрігерлерге бармаймыз. Бірінші молдаларға барады, емшілерге барады. Содан кейін ғана ауру күрделеніп, 2-3 стадияға барғанда дәрігерлерге барады. Мамандар аймаққа тағы бір арнаулы әлеуметтік орталық керектігін айтып, 5 жыл бұрын дабыл қаққан. Жылыой ауданынан ғимарат белгіленіп, қайта жаңғырту жоспарланды. Алайда 4 жыл бойы мемлекеттік сараптамадан өтпей, құрылыс тек 2022 жылы басталды. 156 орындық ғимарат тағы бір мәселе туындамаса, сәуірде пайлалануға берілуі тиіс. Азамат МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Былтыр беруіміз керек еді. Тапсырыс берші құрылыс басқармасы мен мердігер компания арасында құрылыс жұмыстарының себептерімен тұрып қалған болар енді. Соған байланысты биылға шегеріп отыр. Құрылыс жұмыстары аячқталды. Алыс беріс актісі жүріп жатыр. Тезірек бітіріп қабылдап алсақ, бір мезетте сол азаматтарымызды сонда орналастыратын боламыз. Орталықта медициналық, психиологиялық, оңалту жұмыстарымен бірге , еңбек терапиясы қатар жүреді. Науқастар мамандардың көмегімен құс, жануарлар шаруашылығымен, өзге де жұмыстармен айналысады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады