Атырауда тағы да мектептерге шабуыл жасау туралы хабарлама тарады

Атырауда мектептерге шабуыл жасау туралы хабарламалар таралып жатыр. Полиция бұл халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Өңірдің полиция департаменті тұрғындарға мектептерге "шабуыл" туралы кезекті хабарламаға байланысты тағы да жүгінді. Құқық қорғау органдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін тергеу бастады. "26 қаңтардан бастап біз оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын жерде полиция жасақтарының санын көбейту арқылы үздіксіз жұмыс жүргізіп келеміз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуды жалғастыруда, полиция және басқа да құзыретті органдар сәйкесінше қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Telegram желісінде "Конец Актобе" деп аталатын арна пайда болды. Автор Ақтөбе мектептерінде қырғын жасағысы келетінін мәлімдеген. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ. Атырау облысында да осындай қоқан-лоққы хабарламалар түсті. Облыс әкімінің орынбасары үрейленбеуге шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» турнирі өз мәресіне жетті
11 қаңтарға арналған валюта бағамы
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды
Абайлаңыз айыппұл! Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай?
Қазақ күресінен Астанада өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
Министр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді