Атырауда төрт мектеп асханасында заң бұзушылықтар анықталды

Мониторинг нәтижелері бойынша Атырау қаласындағы үш мектептің асханасында өрескел заң бұзушылықтар: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы құжаттардың болмауы және куәландырылмағаны, лас ыдыстарды пайдалану, бір тоңазытқышта шикі және дайын етті сақтау, өндірістік бақылау бағдарламасының жоқтығы анықталды. Бұл туралы АқЖайық хабарлайды. «Әділдік жолы» РҚБ филиалы Агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының волонтерлерімен бірлесе отырып, мектеп асханаларының жағдайын тексеріп, қаладағы оқу орындарының көпшілігінде тегін тамақ сапасының төмен екенін анықтады. Ата-аналар тамақтардың салқын әрі жеуге келмейтінін айтып, наразылықтарын білдірді.«Атап айтқанда, №16 мектептен «аскорбин қышқылы» деген жазуы бар ақ ұнтақ табылды, құжаттары қытай тілінде жазылған, сапасы қатты алаңдатады», - деп хабарлайды РҚБ. - Бұл бұзушылықтар санитариялық нормалар мен заңнамаға қайшы келіп қана қоймай, балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Олардың көпшілігі ұсынылған тағамнан бас тартады, ал асхана қызметкерлері тамақты лақтырып тастайды.Мектеп асханаларындағы қосымша тамақ құны отбасы бюджетіне кері әсер етіп, орташа бағадан күніне 250 теңгеге асып түседі. Мектеп асханаларында нан-бөлке өнімдері мен тәтті сусындардың сатылуы балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, мәселені одан әрі ушықтырып отыр.Көп мектепте ата-аналарды оқушылардың тағамы жөнінде хабардар ету және асханаға ас мәзірін ілу талаптары сақталмайтынын айта кету керек, бұл заңға қайшы келеді».Жалпы, ведоство мәліметінше, №16 мектептен басқа тағы үш мектеп – №3, №33 және №35 мектеп тексерілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Болашақ заң қорғаушылар Сенат депутатымен кездесті
«Аңды да бұлай азаптамайды ғой»: Роза Әлқожа марқұм Шерзат Болаттың отбасындағы трагедияға қатысты пікір білдірді
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр