Атырауда үйлер опырылып ортасына түсті

Атырауда үйлер опырылып ортасына түсті

Қыстың көзі қырауда Қайыршақты ауылдық округіндегі «Жұлдыз-1» шағынауданының тұрғындары жерасты суының көтерілу себебінен баспанасының дымқыл тартқан қабырғалары үгітіліп, аулада аяқ басып жүретін жер қалмағанына ренжулі, деп хабарлайды AtyrauPress.Бірнеше жылдан бері кәріз бен дренаж жүйелерін тартуды талап етсе де, тұрғындардың бұл әрекеті әлі күнге дейін орындалмай отыр. Желтоқсанның соңында көп балалы ана Амангүл Қанатованың тұрып жатқан үйі жерасты суының әсерінен опырылып ортасына түскен. Абырой болғанда сол үйде тұратын ұлы отбасымен қонақта болыпты. Бұған ашынған шағынаудан тұрғындары мұндай жағдайдың тағы да қайталанып, қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, әкімдіктегілерге базынасын жеткізген еді.– Пәтер жалдап жүргендіктен несие алып салған үйіміз құлап қалып отыр. Алғашқы жылдары еккен ағаштарымыз жайқалып өсетін. Осыдан екі-үш жыл бұрын ауылдағы жерасты суының ахуалын дрон арқылы түсіріп әкімдіктегілерге көрсеткенбіз, алайда олардың тарапынан ешқандай шара қолданылмады. Үйдің қабырғасы үгітіліп құлай берді. Аула судан толып тұр, мына қарқынмен қасындағы үлкен үйімізді де құлататын түрі бар. Ақ-адал еңбегімізге салынған үй болған соң шырылдап жүрміз. Жерасты суының салдарынан балшықтан көз ашпаймыз. Септикке су жібермей амалдағанның өзінде жерасты суы шығып кетіп отыр. Жөндеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік жоқ. Үйдің қабырғасы күмпиіп, түсқағаздар жабыспайды. Жерасты суын тоқтатпаса жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты материалдық көмек көрсетілсе жақсы болар еді. Жиырма жылдан астам уақыттан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келемін. Үйдің кезегінде тұрмын, әзірге кезектің шеті жеткізбейді. Екі үйді де қарызданып-қауғаланып салғанбыз. Біреуінің несиесін әлі төлеп отырмыз. Жергілікті белсенді блогерлер мен тұрғындар бас көтеріп шықпаса, мәселеміз жабулы қазан жабулы күйінде қалып қойғалы тұр еді, – деді А.Қанатова. Тұрғындар бұған дейін дәл осы проблеманы облыс әкімімен кездесуде де көтеріп, бұл жайға ерекше назар аудару керектігін айтып, жазбаша арыз жолдаған болатын. Арызға құлақ аса ма? Соңғы жылдары жерасты суынан зардап шегіп отырған тұрғындарды алдағы уақытта жүргізілетін кәріз жүйесі құрылысының мерзімі алаңдатады. Өйткені, оларды құрылыс кемінде екі-үш жылға созылса, баспаналарының жағдайы не болатыны толғандырады. Кәріз жүйесі іске қосылғанша денсаулығы мен хал-ахуалын ойлаған олардың су үстінде тұрған үйлеріне зиян келсе, барар жер, басар тауы жоқ. Облыс басшысымен кездесуде бірнеше тұрғынның қолы қойылған талап-арызда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын ескере отырып, шағынауданға жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялап, соған байланысты тұрғындарға шұғыл түрде көмек көрсетуін сұраған еді. Облыс әкімі бүгінгі таңда қаланың оң жағын да, сол жағын да орталықтандырылған кәріз желісіне қосу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтқан еді. Мамандардың айтуынша, ешбір құрылыс жүргізілмей тұрғанда-ақ «Жұлдыз-1» шағынауданында жерасты суының деңгейі 4,5-6 метр тереңдікте болған. Топырағы сазды, су өткізгіштігі төмен, жер бетінің суы ағып кететін мүмкіндігі жоқ жерлерде құрылыс жүргізілсе, жерасты суының көтерілуі заңдылық. Мұндай жағдай қазір «Өркен», «Балауса», «Сарықамыс», «Мирас», «Жұлдыз-2» шағынаудандарында да байқалып отыр. Бүгінде «Жұлдыз-1» ауданында 100-ден астам үйдің 300-ден астам тұрғыны жерасты суының зардабын шегіп отыр. Ауладағы дәретхана суға толып, септикті айына бірнеше рет сорғызып, қалтаға салмақ түсіп тұр. Тілсіз жаудан қауіп көп Қырық жылға жуық буын ауруына шалдықса да шағынауданның мәселесін шешуге жұмыстанып жүрген I топ мүгедегі Айгүл Досқалиеваның сөзінше, жерасты суының мәселесі 2022 жылдың көктемінен бастап күрт шиеленісе түскен. Оған көктемдегі жауын-шашынның суы қосылған. Жаңбырдың суы сіңіп кетпеген соң жерасты суы тұрғындарды әбден титықтатыпты. – Өкініштісі, жергілікті атқарушы органнан тиісті көмек ала алмадық. Бас жоспарға және заңдылыққа сәйкес көрсетілген міндеттер орындалмай отыр. Тұрғындарға жер берілген кезде басқа да инфрақұрылыммен бірге кәріз, дренаж, нөсерлік жүйелер жүргізілмеген. Бүгінде іс басындағы азаматтардың шалағайлығынан жерасты суы көтеріліп, екі жылдан бері «Жұлдыз» тұрғындары техногендік сипаттағы төтенше жағдайда қалып отыр. Бақшадағы жеміс ағаштары қурап қалды. Үйдің ішінде ірге үгітіліп құлап жатқандықтан тұрғындар өз бетінше жөндеу жұмыстарын жасайды, бірақ ол құмға сіңген сумен тең. Бұл жөнінде тиісті құрылымдардың барлығына арызданып, дәлел-дәйегіміз бен арызымызды жолдадық. Одан ешқандай нәтиже шығара алмаған соң, өз құқығымызды пайдалана отырып сотқа жүгіндік. Былтырғы наурызда басталған сот ісі қазан айында апелляциялық сотпен аяқталды. Екі сот та біздің арызымызды қанағаттандырмады, енді кассациялық сотқа арыз түсіріп, қазір соның уақытын күтіп отырмыз, – деді А.Досқалиева. Шағынаудан тұрғындары Дәмелі Мұханғалиева мен Сәуле Омарованың да жанайқайы осыған ұқсас. Кейбір тұрғындар бүкіл отбасымен созылмалы ауруға шалдыққанын айтады. Үйдің ішкі қабырғасынан бөлінген әппақ тұзды ауамен тыныстағандықтан саулыққа да салмақ түскен сыңайлы. Бүгінде жерасты суының көтерілуінен ауласы қысы-жазы суға толып, іші-сырты сыз тартқан үйлер құлап жатыр. Жақында ғана тұрғындардың талабы бойынша әкімдіктен келіп, жағдайға қаныққан комиссия мүшелері «Жұлдыз-1» шағынауданындағы ахуалдың техногендік сипаттағы төтенше жағдайға жататынына көздері жеткендей. Біздің білуімізше, облыс әкімдігінде осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өтіп, мамандарға төтенше жағдай жариялау үшін штаб құрып, құжат әзірлеуге тапсырма берілген. Зардап шеккен тұрғындардың тізімі де алынып жатқан көрінеді. Қалай болғанда да әбден тығырыққа тірелген жұлдыздықтарға шұғыл түрде көмек көрсетілуі керек-ақ. Қандай істің де байыбына бармай, дер мезгілінде тиісті шешім қабылданбаса, оның зардабы мол, ақыры тіпті кісі өліміне апарып соғары да кәдік. Сондықтан іс басындағы азаматтар қатердің алдын алуды ертерек қолға алса құба-құп. 

Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
  • baq.kz
  Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
  • almaty_tv
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
  • aqshamnews
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
  • aqshamnews
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
  • aqshamnews
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
  • turkystan
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
  • aqshamnews
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
  • baq.kz
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
  • aqshamnews
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • el.kz
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
  • baq.kz
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • aqshamnews
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
  • el.kz
  «Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
  • aikyn
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
  • aqshamnews
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
  • el.kz
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
  • el.kz
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
  • turkystan
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
  • baq.kz
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
  • sn.kz
  Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
  • aikyn
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
  • 1bol.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
  • sn.kz
Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңіліп қалды
Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңіліп қалды
  • sn.kz
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
  • turkystan
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Астанада полицейлер ер адамды өлім аузынан құтқарып қалды
Астанада полицейлер ер адамды өлім аузынан құтқарып қалды
  • turkystan
Танымал актер Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Танымал актер Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
  • turkystan
Қыс көріністері…
Қыс көріністері…
  • Otyrar
Сот орындаушылардың заңнама талаптарын  бұзғаны анықталды
Сот орындаушылардың заңнама талаптарын бұзғаны анықталды
  • Otyrar