Атыраудағы 30 мектеп-гимназиясы суға кетіп жатыр

Атыраудағы №30 мектеп-гимназиясы суға кетіп жатыр. Төбеден аққан қар суы салдарынан гипс блоктар құлап, оқушылар мен мұғалімдерге қауіп төндірді. Мектеп дереу қашықтан оқуға көшті. Бірақ бұған ата-аналар түбегейлі қарсы. «Онлайн оқу сапалы білім бермейді» деген олар мектепке келіп, қауіпсіз білім ғимаратын бөлуді талап етті. Алайда білім бөлімі басшысы су кепкен соң, балаларды қайтадан қабылдаймыз деп алаңсыз отырБүгін ертемен 30 мектепке оқушылардың орнына ата-аналары келді. Наразы топ білім ордасындағы жағдайды өз көздерімен көріп, жағасын ұстады. Төбеден аққан судан сыныптарға кіру мүмкін емес. Гипс жабындыларының орны үңірейіп тұр. Ал дымқыл тартқан өзгелері әне-міне құлайтындай . Ата-аналардың айтуларынша, бұл- бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан жағдай. Екатерина УНАШЕВА, АТА-АНА: Мектеп ғимараты салынғанда әу баста аймақтың климаттық жағдайы ескерілмеген. Бізге мектепті күрделі жөндеуге уәде бергелі он жыл болды. Бірақ мектеп әлі күнге апатты деп танылмай отыр. Өткен аптада электр желісі жанып кетті, қабырғадан тоқ соғып тұр. Осымен екінші апта балалар үйде оқып жатыр. Неге тиісті адамдардың өз жұмысын уақытында орындамағанынын кесірінен балалар үйде оқу керек? Екі мыңнан астам бала білім алатын мектеп 2002 жылы демеушілік қаржыға салынған. Мектеп басшылығының айтуынша, 5 жылдан соң сыр бере бастапты. Соңғы рет 2017 жылы шатырға күрделі жөндеу жүргізілген. Электр желісіне де зақым келгендіктен жарық та қоса алмай отырмыз,- дейді олар. Айгүл ЖАНАЗАРОВА, №30 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әкімішілік, бәріміз де күрделі жөндеу жөнінде көмек сұрап отырмыз. Құзарлы органдарға хат жазып отырмыз. Жыл сайын сұраймыз ешқандай жауап келген жоқ. Былтыр бердік қаражат бөлінеді деді. Ал қалалық білім бөлімі басшысының айтуынша, алдыңғы жылы мектепке зерделеу жүргізілген. Ғимарат апатты емес, күрделі жөндеуге жатады деген қорытынды беріпті. "Былтыр жобалық сметалық құжаттама жасалған, енді мемлекеттік сараптама қорытындысын күтіп отырмыз" дейді. Аманбай ХҰСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл мектептің төбе жабындысы жоқ. Басқаша салынған жобалық шифрмен төбеде жоқ. Сондықтан қар жиналады. Негізі төбеде су ағып кететін арнайы жүйесі болған, соның бәрі бітеліп қалатын себептен болу керек. +Жобасы солай мектеп, оған ешкімнің кәнісі жоқ бұл жерде. Ата-аналар жағдайдың оқу жылының ортасында ушығуына бұған дер кезінде назар аудармаған шенділер кінәлі дейді. Балаларды қауіпті мектепке жібермейтіндерін айтады. Нұргүл ХАЛЕЛОВА, АТА-АНА Мек баламды апатты мектепке жіберуден бас тартамын. Бізге жазбаша түрде баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына кепіл болатындарын айтып, хат жазсын. Алайда қалалық білім бөлімі әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Өйткені осы маңдағы өзге мектептер үш ауысымда білім беріп жатқандықтан, орын тапшы. Аймақта онсыз да оқу ғимараты жетіспейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады