Бүгін төтенше жағдай жарияланған Жылыой ауданындағы тасқын суға қарсы жұмысқа әскерилер жұмылдырылды.Атырау облысы әкімдігі мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басшылығының арасындағы келісім бойынша аймақтағы су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесу үшін 150-ден астам әскери қызметші бөлінген. Өңірлік қолбасшылығы басшылығына қарасты №41433 әскери бөліміннен 50 офицер мен сарбазы Құлсары Құлсары қаласында су тасқынынан қорғау жұмыстарына кірісті. «Әскери бөлімнің қызметкерлері Құлсары қаласының маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға атсалысуды бастады. Жылыой ауданына жету үшін Атырау қаласының әкімдігі автобуспен қамтамасыз етті. Қазір жеке құрам жағалауды нығайту жұмыстарын, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға көмек беріп жүр. Сарбаздар қапқа топырақ толтырып, жағалауды биіктетуді қолға алды», - дейді әскери бөлімнің рота командирі аға лейтенант Суярхан Уалихан.