Әлеуметтік желіде тәрбиеші ерекше баланың басынан ұрған сәттің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны Нұрлан Жунасов есімді Facebook қолданушысы парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Видеодан мекеме қызметкерінің бүлдіршінге екі алақан көрсетіп, "10 бер" деп айтады. Алайда бала тек бір алақанын көтерген сәтте тәрбиеші "Қарасайшы, қарағым-ау" деп баланың басынан шапалақпен ұрады. Қалалық білім бөліміндегілер бұл оқиға “Дара-инклю” жекеменшік балабақшасында болғанын растады. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. «Қалалық білім бөлімінің жанынан да қызметтік тексеріс ашылатын болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысымен оқиғаға қатысты заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады.