Ақпан айының басында қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты білім ордасының төбесінен су кетіп, гипс блоктары құлау қаупі туған.Осыған орай оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі үшін қашықтықтан оқуға жіберілді. Мектепке биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайын. Оқушылардың мектепке қашан оралатыны белгісіз. Айта кетейік, оқу ғимараты 2002 жылы демеушілер қаражатына салынған.