Атыраудағы перинаталдық орталықтың палатасын тышқан аралап жү

Атыраудағы перинаталдық орталықтың палатасын тышқан аралап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл видео Атырау облыстык перинаталдық орталығында түсірілген. Жас босанған аналардың палатасында тышқан жүр. Орталықтың баспасөз қызметі кеміргіштердің барын жоққа шығармады, тек олардың дала тышқандары екенін айтып ақталды. «Перзентхана Атырау қаласынан алыс жерде орналасқан. Ғимарат жазық далада болғандықтан, дала тышқандары бар. Алайда, облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізеді. Соған қарамастан, тышқандар ғимарат ішінде пайда болып тұр. Алдағы күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі», - деп хабарлады перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі. Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтырғы қазан айында коронавирус инфекциясы тараған кезде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Ал, модульдік аурухана Атырау қаласының аумағынан тысқары орналасқан. «Қазіргі уақытта облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң перинаталдық орталық бұрынғы мекенжайына көшіріледі. Жөндеу жұмыстарын аяқтау, орталықты қайта көшіру мерзімі қазан айына жоспарланған», - деп мәлімдеді перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен. Еске сала кетелік, бұдан бұрын аталған орталықтың дәрігерлері баланы перзентханадан шығарарда шоу ұйымдастырған дұрыс емесін айтып, ұсыныс жасағанын жазған едік. «Әрине, нәрестені үйге шығару – зор қуаныш. Дегенмен, әр нәрсенің өз орны, шегі болуы керек. Перзентхананың алдында той-думан ұйымдастырмай, нәрестені шығарып алуға 2-3 туысы, жақын адамдары келсе... Жылдың төрт мезгілінде болатын ыстық пен суықтың, желдің жайсыз әсерінен ана мен баланы сақтап, үйіне аман-есен жеткізіп, қуанышты өз шаңырағында тойласа, игі іс болар еді», - деп ұсыныс жасаған еді дәрігерлер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Келешек" кемел бола ма?
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау