Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқығы шектелген

Атырауда отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқығы шектелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әлеуметтік желіде Нұрдәулет есімді балаға қатысты видео жүктелген. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Қазақстан Президенті жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен бірге отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылындағы жағдай зерделенген. «Түйген ойым – соңғы кезде әлеуметтік желіде талқыланып жатқан жайттар ұжымда бұрын қызмет етіп кеткен жұмысшы мен бұрынғы басшы арасындағы келіспеушіліктің нәтижесі. Соның салдарынан балалар зардап шегіп отыр. Желіде жарияланған түрлі жазбалардан екі тарап өзін ақтап алуға тырысып жатқанын көруге болады. Баланы өзіне тартып, түрлі видео таратудың артында баланың құқығын шектеу мәселесі тұр. Мұндағы балалар – мемлекеттің ерекше қорғауындағы балалар. Сондықтан балалардың құқығын қорғауға арналған барлық шара қабылданатын болады. Оған қоса, әлеуметтік желіде тараған жайттар балалардың өздерін қатты алаңдатып, болашағына кері әсері тиетінін ойлап отырғанын байқадым», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев. Оның айтуына қарағанда, «Шаңырақ» балалар ауылына жаңа директор тағайындалады. Қазір конкурс жарияланған. «Педагогика саласында мол білімі мен тәжірибесі бар мамандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын. «Шаңырақ» балалар ауылындағы бейнебақылау жүйесі күшейтіледі. Қазір мұнда 64 бейнекамера бар. Бірақ қосымша камера қою қажеттілігі бар деп есептеймін. Камералар Білім басқармасына тікелей қосылатын болады. Мұнда баспасөз қызметі ашылып, балалар ауылындағы жариялылықты қамтамасыз етеді. Жуықта «Шаңырақтан» шыққан балаларды өмірге тез бейімдеуге бағытталған тәлімгерлік жобасы енгізіледі. Балаларға қатысты түрлі видеолар жариялап, ақпарат таратудың артында балалардың құқығын шектеу әрі құқықтық жауапкершілік мәселесі бар екенін атап өткім келеді», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді