Елімізде соңғы 8 айда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 16,5 пайызға, жасөспірімердің аутодеструктивтік тәртібі 12,7 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Атырауда өткен республикалық тамыз кеңесінде айтылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған педагог-психологтар білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселелерін талқылады. Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің мәліметінше, кешенді іс-шаралар тұрақты іске асырылып жатқанымен, өзекті мәселелер әлі көп. Әсіресе, балаларға қатысты зорлық –зомбылық пен қатігездік, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, жасөпірімдердің аудиоагрессивті мінез-құлқы тамыз кеңесінің пленарлық отырысында жан-жақты талқыланды. Жолдас БАТЫРХАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Яғни тұрмысы қолайсыз отбасыларды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау жұмыстары қалай жүзеге асады? Балалардың арасындағы жағымсыз құбылыстардың интерактивті картасы әлеуметтік отбасыларды қолдау, әлеуметтік патронат жобасын жүзеге асыру мәселелері туралы талқыладық. Әрине сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, техникалық жарақтандыру мәселелері де қаралды. Бұл орайда Министрлікте 2023-25 жылдарға арналған интерактивті карта жасалмақ. Онда балалардың құқықтарын қорғау бойынша барлық ведомствоның ортақ статистикасы енгізіледі. Сондай-ақ жиында мектептердегі педагог-психологтар тапшылығы айтылды: оларды оқыту, білімін жетілдіру де бір жолға қойылмақ. Ерлан СЛАМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2023 жылы балалардың қауіпсіздігі – ең басты, мектепке кіруі, жедел басқару орталыққа байлануы, дабыл нүктесінің болуы, бұл нені көрсетеді, қауіпсіздіктің жоғары деңгейде қажет ететіндігін көресетеді. іСол себепті бұл тек мектептің кіреберісінен болатын болса, мектептің ішіндегі ахуал өте маңызды. Еліміздің кейбір өңірлерінде психологтардың арнайы орталығы жұмыс істеп тұр. Атырауда да ашу мәселесі көтерілді. Айта кетейік, аймақтың 200-ге тарта педагогы өзге өңірлердегі тамыз кеңесіне қатысып жатыр. Келген соң көтерілген тақырыптар мқғалімдер арасында талқыланбақ.