"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда лагерге бара жатқан бал көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Қазақстан темір жолы” компаниясының деректеріне сүйенсек бала тәлімгерлермен бірге болған."7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді”, – делінген хабарламада.