25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша бара жатқан жолаушының босануына көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан әйелді жолда толғақ қысты. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына көмектескен. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес, жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел-жәрдем қызметкерлері күтіп алды.