Қазақстанға автономды дрондар жеткізілді, 19 сәуірден бастап олардың көмегімен су басқан өңірлерге заттар мен тауарлар жіберіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. - Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсын еліміздегі су тасқынымен күресте көмекке автономды дрондарды ұсынды. Дрондар медициналық қажеттіліктерді, гуманитарлық көмекті, азық-түлік және басқа да қажетті тауарларды шалғай аймақтарға жеткізеді. Қазақстанға дрондар бүгін әкелінеді, ал ертең Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүкті жеткізуді жоспарлап отыр, - деді Альбина Әтен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімдерді жинақтап, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарауға ұсынды.