Атыраулық арбаға таңылғандар өзін жан-жақты дамыту сабақтарына қатысады

«Біз де адамбыз». Атырауда 2020 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым арбаға таңылғандарды әлеуметтендірумен айналысады. Оның мүшелерін мүмкіндігі шектеулі жандар деп айтудың өзі жөнсіз. Себебі олар өзін-өзі дамытуды қолға алған: биге қатысып, ән салады. Бірге көңіл көтеріп, енді ғана жарақат алған жандардың үйде қамалмай, қоғамнан бөлінбеуіне көмектеседі. Аптаның әр сейсенбісі түске дейін - би сабағы. Ал ертең актерлық шеберлік, сосын вокал, бассейн. Бұл жандар бір сәт те қарап отырмайды. Әр сағаты – жоспарлы. «Біз де адамбыз» үкіметтік емес ұйымының мүшесі Есболат Балбаев - би мен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы, биден тренер. Қатты қиналған сәтте анаммен вальс билеп, өмірге күш алғанмын,- дейді. Есболат БАЛБАЕВ, ТРЕНЕР: 50-60-тай адамды 5-ші этажда жатқан, 4-ші этажда жатқан осында келіп жатыр. Би сабағынан кейін 1-3-ке дейін би сабағы болады. 3тен 5ке дейін инсульт соққан мүгедектігі бар, авария түскен адамдар бәрі 3те жиналады осында жаттығу жасаймыз. Негізі адамды өмірге ғашық қылатын би ғой. «Біз де адамбыз» ұйымының жетекшісі Гүлнәз Қосмурзиева 2006 жылы 24 жасында жол апатына ұшырап, 10 жыл бойы 2-ші қабаттағы пәтерінен шықпаған. Бір жыл бойы арбаға отырудан бас тартыпты. Тағдырына мойынсұнған қайсар қыз бүгінде жол апатынан, түрлі аурулармен төсекке таңылып, арбаға отырғандардың қоғамға тартып, мүддесін қорғап келеді. Қаладағы жолдар мен ғимарттардың қолжетімсіздігін көрсету үшін қала әкімінің көше аралауға шығарған да осы Гүлнәздің табандылығы. Шетелден мамандар шақырып, қасық ұстаудан бастап, киініп-шешінуді, ортаға бейімдеуді үйретті. Гүлнәз ҚОСМҰРЗИЕВА, «БІЗ ДЕ АДАМБЫЗ» ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің категория өте ауыр категория. Доступность жоқ, үйде отырып қалады. Қалай әрі қарай өмір сүруге ешқандай информация жоқ. Тренингке шақырғанда біреулер мені послалы, ой маған не керек, мен үйде отырмын, ешқайда шықпаймын, менің өмірім бітті. Далаға шыққанда тек телпекпен, маскамен шығамын, мені ешкім көрмеу керек, мен ұяламын деп. Сол жігіттер өздері тренерлер, өздері мотиваторлар. Біздің бірінші мақсатымыз арбамен жүрген адамдарға көмектесу, самостоятельно болуға. Қазір біздің жігіттер біз жұмыс істегіміз келеді, үйленгім келеді, -дейді. Бүгінде ұйым қатары шалғай ауылдағы жандармен толығып жатыр. Арасында жастармен қатар зейнеткерлер де бар. Белсенді топ мерекелерде жиі бас қосады. Күйзеліс пен торығуға уақыт жоқ. Өйткені олар өмірге нағыз ғашық жандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
Шымкенттіктер аудан әкімінің жұмысын бағалай алады
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
Доллар, сен неден күшті болдың?
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген
208 мың теңге: қазақстандықтарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған қылмыстық топ анықталды
Ақмола облысында ер адам далада кішкентай баланы аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан отбасы мүшелері сотталды
Ақмолада ер адам ұлымен төбелескен баланы ұрып тастаған
Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлімі: полиция істі тоқтатты
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Елордада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Шөл далада жоғалып кеткен турист бір айдан соң аман-есен табылды
“Дүниеге қыз келді!“ Баян Мақсатқызы тағы бір қуанышын бөлісті
208 мың теңге: кімдерге арнаулы әлеуметтік төлем төленеді?
Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма?
Ғани Бисембаев Абай облысының үздік педагогтарына баға берді