Атыраулық азаматты аямай соққыға жығып, мүгедек қылғандар бостандықта жүр

Атыраулық азаматты аямай соққыға жығып, мүгедек қылғандар бостандықта жүр. Осылай деген Саламат Жексемәлиевтың туыстары бір жылдан бері тергеліп жатқан іс жабылып қала ма деп алаңдайды. Айтуларынша, былтыр ақпан айында 5 жігіт ішімдік ішіп, төртеуі Саламатты өлімші қып сабаған. Салдарынан соқталдай азамат әлі күнге жүріп-тұра алмайды, сөйлемейді. Мынау Саламаттың екі ай бойы ес-түссіз жатқан кезі. Қазіргі жағдайы да мәз емес. Әлі күнге біреудің көмегіне мұхтаж. Сөйлей алмайды. Екінші топ мүгедегі. Көп балалы әке ол күнге дейін ауысымдық әдіспен электрик боп еңбек еткен. Сол күні достарымен жиналып, ішімдік ішіпті. Кеше ғана оқиға болған күнді есіне түсіріп, туыстарына «есімді жиғанда аяқ-қолым байлауды болды»,- деп телефонмен хабарлама жіберген. Саламаттың отбасы ұрып-соққандар әлі күнге бостандықта жүргеніне наразы. Нұргүл ЖЕКСЕМӘЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘПКЕСІ: Інімнің мынадай жағдайда жатқанын көре алмай жаным ауырып, прокуратураның алдына тағы келіп тұрған жайым бар. Алдын тоздыруға әлі де жүре беремін. Қашан іс бітіп, менің інімнің құқығы деген тапталып жатыр қазіргі таңда. 4 жігіт болған 4еуі де әлі бостандықта жүр. Інісін қарлығаштай қорғаштап келген әпкесімен тілдесуге прокуратурадан ешкім шыға қоймады. Күзетшілер анда-мында телефон шалып, арнайы жазылып келуге кеңес берді. Тек кетпесін білген соң бір сағат бойы күттіріп, басқарма басшысы бой көрсетті. Шыңғыс НӘСІПҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Мына жерде сотқа дейінгі тексеру жүрізіліп жатыр. Ә201 баптың талаптары бар сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілген кезде құпиялық сақталады. Бізде сотқа дейінгі тергеу орны бекітілген. Ол бізде қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті. Қазіргі таңда қылмыстық іс олардың өндірісінде. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері, істі 10 күн бұрын Полиция департаментіне жолдау үшін прокуратураға жібердік,- дейді. Айта кетейік, күдікке ілінгендер тергеу кезінде полиция азаптады деп шағымданған. Салдарынан мүгедек боп қалған азаматтың ісі тасада қалып, оның орнына прокурорлар полицейлерді тергеуді қолға алған. Осылайша жедел уәкілдер жаза арқалап кетті. Ал Саламат Жексемәлиевтің туыстары кінәлілер жазасын алмайынша, әділдік іздеуімізді тоқтатпаймыз,- деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимараты өртенуде
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты
Алматыда ҚБТУ ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Еріктілер коммуналдық қызметкерлері үшін акция ұйымдастырды (Видео)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Алматыда Қазақ-британ техникалық университетінен өрт шықты
Шұғыл: Алматыда ҚБТУ өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алған (ВИДЕО)
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алды (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Гран-приге қатысады
Ел азаматтары тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Барлығымыз Аллаға сыйынамыз ғой...»: әнші Төреғали Төреәлінің бала кездегі видеосы жарияланды
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды