Атыраулық келіншек әнші Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты

Атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген келіншек төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді екенін жеткізді. "Әкесі ретінде қабылдаған адамым – Бейбіт. Ол мойындамаса да, менің оған қояр талабым жоқ. Бірақ әкесінің сол екенін өзім білемін. Дәлелденгенде, жауапкершілікті бөліссін деймін. Маған одан ештеңе керек емес", – деді атыраулық келіншек. Ол әншімен Атыраудағы караокеде құрбысы арқылы танысқанын еске алды. "Танымал жігіт қой. Өзі сымбатты. Танысамыз, сөйлесеміз. Ол шақырды, мен қарсы болған жоқпын. Караоке болған. Сол жерде құрбым және екі таныс досымыз отырғанбыз. 2018 жылдың күзі еді. Күздің соңғы айы, соңғы күндері. Біз барғанда ол кісілер бөлек отырды. Екінші қабатта отыр едім. Құрбым суретке түсуге барып, танысқан. Олар танысып, нөмір алмастырған. "Бейбіт Қорған өзі тоқтаған қонақ үйіне шақырып жатыр" деп айтады. Мен құрбымның қасында отыруға ғана келістім. Караоке жабылды, біз таңғы үштер шамасында тамақ ішетін жерге бардық. Сосын таныс қызымды шақырған. Біз оның тоқтаған қонақ үйіне бардық. Төменде диванда әңгіме айтып отырдық. Үшеуіміз әңгімелесіп отырамыз. Екеуі келіспей қалады. Сосын құрбым кетеді. Бірден төсекке секіру деген ой ешкімде болай қоймайды. Менде тек сөйлесу деген ой болды. Одан кейін бір ай өткенде тағы кездестік. Бірінші өзі менің нөмірімді жазып алды. Тағы кездесуге шақырды. Караокеде кездестік. Мені басқаларға қарындасым деп таныстырды. Мен ол кезде аяғым ауыр екенін білмей қалдым. Екінші рет кездескенде ештеңе болған жоқ. Мен оның отбасы барын білдім", - деді Нұргүл есімді келіншек. Сондай-ақ Нұргүл жүктілігі жайлы әншіге айтқанын да жеткізді. "Бейбітке жүктілігімді айтқанда, "Өзің біл" деді. "Менікі емес", "Алдырып таста" деп айтпады. Босанғаннан кейін хабарластым. Жалпы біледі. Ештеңе демеді. Ол кездегі телефонда барлық хатымыз бар еді. "Тыныш жүр", "Ешкімге айтпа" деген әңгіме болды. Баламның бүйрегінде туа бітті ақауы бар. Қазір денсаулығы әлсіз. Бейбіт диагнозын біледі, жібердім", - деді әйел. Бағдарлама барысында атыраулық әйел екі ұл өсіріп отырған, жалғызбасты келіншек екенін айтты. "Қазір 33 жастамын. Негізі екі ұлым бар. Үлкен ұлым сүйгенімнен, тоғыз жаста. Кіші ұлым - 4 жаста. Өз тегімде. Жалғысбасты анамын. Өзім өсіріп жатырмын. Кіші баламның әкесі - Бейбіт Қорған. Осы баламның туа бітті бүйрегінде ақауы бар. Денсаулығы әлсіз болғасын, мұрнына да ет өсті. Екі бүйрегіне ота жасалатын болғасын, қорқамын. Бұл жауапкершілікке әкесінің де қатысы бар деп ойлаймын. Жауапкершілікті бөліссін деймін. Ол ақаумен туылғандықтан, емделетін нәрсе емес. Толық жазылмайды, бірақ жағдайы жақсарады. Егер бала осылай жүре берсе, бүйрегін алып тастауға тура келеді. Бейбітке баланың дертін жібергенде, балалар ауруханасына жатқызуға сөйлесіп берді. "Бірақ ешкімге айтпа" деді. Мен ештеңе сұрамаймын. Бейбіттің тегін де сұрамадым. Бала өз атымда", - деді келіншек. Ал Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартты. "Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі "Менен балалы болдым" десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын", - деп жауап берді Бейбіт Қорған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды