Атыраулық құтқарушылар тасқын судың ортасынан 270 жылқыны қауіпсіз жерге шығарды

Атыраулық құтқарушылар тасқын судың ортасынан 270 жылқыны қауіпсіз аумаққа айдап шығарды.Қазір Атырау қаласының маңында Жайық өзенінен жайылмаға шыққан тасқын су әлі сақталып тұр. Сондай тасқын су Қайыршақты ауылдық округіндегі Бесікті ауылының тұсында бар.Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, аталған ауылдың тұрғындары жылқыларды қауіпсіз жерге шығару үшін жүгінген.«Департаменттің диспетчерлік пультіне аталған ауылдан жылқылардың жайылмадағы тасқын судың ортасында қалып қойғаны жөнінде шақырту түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жедел жетіп, 70 бас жылқыны қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар, құтқарушылар Атырау қаласына жақын орналасқан Теңдік ауылының тұсындағы тасқын судың ортасынан 200 жылқы қауіпсіз аумаққа айдалды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.Жылқыларды қауіпсіз жерге шығаруға төтенше жағдайлар департаментінен 10 құтқарушы, 2 техника, 2 жүзу құралы тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Ақтау-Алматы" рейсінде кәмелетке толмаған қызға харассмент жасалған
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз