Атыраулық тұрғын соқыр боп қала жаздады

Атыраулық тұрғын соқыр боп қала жаздады

Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның барар жері – дәрігер. Алайда емдеу орнына шипа іздеп барған пациенттің кейде үміті үзіліп, дәрігерге деген көңілі су сепкендей басылатын сәттер болады, деп хабарлайды AtyrauPress.Атыраудағы медициналық кадр тапшылығы бөлек мәселе, мамандардың кәсіби білігінің төмендігінен кейде көлденең проблема туындап жататынын жасыра алмаймыз. Медициналық қызметтің сапасына қатысты хатын редакцияға аяқтай әкелген тұрақты оқырманымыз – мұнай-газ өнеркәсібінің ардагері, байырғы геолог, «Құрмет» орденінің иегері Төлеген Байзақовтың мәселесі бізді де бейжай қалдырған жоқ. Көз жанарына кіреуке түскенін сезген ақсақал былтыр қаладағы жекеменшік медициналық орталықтардың біріне барып, ем-дом қабылдайды. Бірақ оның құр уақыт өткізу екенін кеш байқаған… Атырау жұртының медицина қызметінің сапасына көңілі толмайды. Содан шығар, қатерлі кеселге шалдыққандардың елден жылу жинап, шет ел асып жан сауғалап жүргендерден әлеуметтік желі тұнып тұр. Бірақ біз Атыраудағы дәрігер атаулының бәрі сондай деуден аулақпыз. Өйткені ауруынан айығып, ақ халатты жандарға алғысын айтып жүргендер де жетіп-артылады. Дейтұрғанмен кейбір дәрігерлердің науқастардың үмітін ақтай алмай жүргені рас. Ал, оны жасырып отырудың соңы неге душар ететіні белгісіз, әйтеуір жақсы емесін түсінеміз. Бізге келген оқырман да дәрігердің қателігінен зағип болып қалуға сәл қалған. «Атырау қаласындағы «RETINA-A» офтальмологиялық орталығында алғаш рет «көз линзасының бұлыңғырлануы» («катаракта») диагнозы бойынша 2019 жылдың 26 шілдесінде маған ота жасады. Былтыр мамырдың ортасында орталықтың көмегіне қайтадан жүгінуіме тура келді, бұл жолы оң көзімнің көру қабілеті төмендеді. Алдыңғы отада көздің мөлдір қабықшасы (хрусталик) ауыстырылса, дәрігерге қаралу барысында жетілмеген катарактаның қайталанғанын анықтады және осы көзімнің суқараңғы (глаукома) болу қаупін айтты. Оның көлемі 36 миллиметр екенін түсіндірген мамандар өздерінің емдеу әдістемесіне сүйеніп, толық тексеру жүргізді. Ол үшін ем тағайындап, үш айдан кейін келуге кеңес беріп, сосын лазермен қайталанған катарактаны тазалайтын болды. Қыркүйек айында катарактаны тазарту үшін келгенімде, оң көзімдегі қан қысымы 18-19 миллиметр болып, кемшілікті лазермен түзететін дәрігер қасаң қабықтағы (роговица) өзгерістерді анықтады. Тағы бір ай жарымда тамшы және жақпа түрінде қосымша ем тағайындады. Мен портал арқылы Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасына жүгініп едім, лазерлік аппараттың бір жылдан бері жөнделмей жатқанын айтты», – дейді оқырман өз хатында. Осылайша, уақыт өтіп жатса да көзінің қан қысымы тұрақтамай, орталықтың табалдырығын тоздырған Төлеген ақсақалдың саулығы ай жарымдық емнен кейін де түзеле қоймапты. Әлгіндей диагноздан кейін сары уайымға түсе бастаған науқасқа өзге де мамандармен ақылдасқан дәрігер лазерлік иридэктомия жасау туралы шешім қабылдайды. Қарапайым тілмен айтқанда Бринэра тамшысы мен Лотил препаратынан соң көздің қан қысымы қалыпқа түспесе, сыртқы терең склерэктомия («непроникающая глубокая склерэктомия) әдісімен ота жасауды ұсынады. Дәрігердің осы сөзінен секем алған Төлеген Байзақұлы отадан бас тартады. Қайтадан Балықшыдағы облыстық офтальмологиялық ауруханасына жүгінген оны дәрігер дереу ауруханаға жатқызады. Осының барлығын тәптіштеп оқып отырған біздің ойымызға бірнеше сұрақ бір мезгілде оралды: Егер былтырғы мамырдың ортасынан бастап, жеті ай бойы дертіне шипа таппаған науқастың ауруы асқынып кетсе, кім жауап береді? Науқасты осынша уақыт сандалтып жүргізіп қою дәрігердің сауатты шешімі ме? Егер аурухана науқасты дер кезінде қабылдамаса, оның қазіргі жағдайы қалай болмақ? Т.Байзақовтың редакцияға арнайы келуінің басты себебі де осы еді. Өйткені, адамның көз жанары – оның ғұмыр бойы жарық дүниенің сәулесі мен шуағын сезінуі үшін бірден-бір қажет орган. – Биыл 18 қаңтар күні офтальмологиялық аурухананың дәрігері Әлия Ұлжитаева тиісті отаны жасады. Қазір көз тамшысын тамызып, дәрігердің бақылауында жүрмін. Қымбат уақытым мен қаражатты айтпағанда, «RETINA-A» орталығының дәрігерлері глаукоманы да, қайталанған катарактаны да жоя алмады. Сонда бұл кәсібиліктің төмендігі емей немене?! 2019 жылы ота жасаған орталық дәрігерлері бұл сырқатқа шалдығуымның себебін неге айта алмайды?! Бір қынжылтатыны, мұндай жағдай менің ғана басымнан өткен жоқ. Жуырда жолыққан еңбек ардагері Сүйеу Сүлейменов те сол орталыққа глаукомамен емделіп жүргенімен, көзінің қан қысымы қалыпқа түспегенін айтты, – дейді Төлеген Байзақұлы. Көзін емдетемін деп жүріп, көп нәрсеге көзі жеткен ардагер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне де шағымданыпты. Осы жағдайға байланысты қазір қандай шара алынып жатқанын сұраған бізге департамент басшысының міндетін атқарушы Үмітхан Мұсабаева Т.Байзақовтан арыз түскенін жоққа шығарған жоқ. – Иә, «RETINA-A» офтальмологиялық орталығындағы медициналық қызметтің сапасына қатысты арыз түсті. Енді тиісті талап бойынша профильдік немесе тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тиісті жұмыстар жүргізіледі, – деді Ү.Мұсабаева. Әлбетте, біздің міндет – газет оқырманының басынан өткен жағдайына байланысты мәселе көтеру. Сөз жоқ, сең қозғалды. Енді заңнамаға сәйкес құзырлы орган тексеріп, медициналық көмектің сапасын кәсіби мамандар анықтай жатар. Байқасаңыз, қазір үлкеннің де, кішінің де көзілдірікке жүгінген заманы. Яғни қоғамда көз ауруына шалдыққандар көп. Себеп – уақытты компьютердің алдында және телефонға үңіліп өткізу. Осыған байланысты «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді» ұсынатын дәрігерлер көз күтіміне байланысты пайдалы кеңестерін ұсынады. Әуелі бөлмеге жарық біркелкі түсуі керек және жарықтың қапталдан түскені қолайлы; бөлменің төбесі қабырғасына қарағанда ашық, әрі ақ түсті болуы тиіс. Мәселен, баланың жазу жазып, кітап оқитын үстелінің орналасуына мән беріңіз. Жарық баланың сол жағынан түскені дұрыс. Орындықтың биіктігі мен арқалығы ыңғайлы, балалардың бойына сәйкес болғаны жөн. Ал, дәрігерлердің айтуынша, көру гигиенасын сақтау денсаулыққа пайдалы. Қарапайым тілде түсіндірсек, жазу жазып, кітап оқығанда фокустық ара қашықтық шамамен 30-35 сантиметрден кем болмауы тиіс. Компьютерде бір-екі сағаттан артық отырмаған жөн. Ал, баланы жарты сағаттан артық экран алдына жолатпау керек және экранның жоғарғы бөлігі көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. Мүмкіндігінше жұмыс арасында 5-10 минут үзіліс жасап, сол кезде көзді жоғары-төмен және оңға-солға айналдыра қозғалту, терезе арқылы алысқа көз жіберу, сосын жақынға көз салу секілді жаттығулар жасағанның да пайдасы зор. Көру қабілетін сақтауға жейтін тағамыңыздың да септігі тиеді. А, В тобы мен Е, С дәрумендеріне бай тағамдарды көбірек тұтынған адамның көруі төмендемейді. Дәрігерлік – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан болар, жүрегі дауалап бұл саланы таңдайтындар да көп емес. Өйткені, «адам жанының инженері» саналатын ақ желеңділердің қателесуге хақысы жоқ. Ал, Гиппократ антына адал болу – әр дәрігердің басты қағидасы. Бұл жазылмаған заң. Көз жанарын емдеуге барып, көкейіне дәрігерге деген күдік ұялатып қайтқан Төлеген ақсақалдың бізге айтқан ең басты тілегі де сол: "Менің басымнан кешкен жағдай басқаларға сабақ болса екен!.."

Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
  • aqshamnews
Қарапайым пайдалы әдет: дәрігерлер бір уақытта қанша су ішуге болатынын түсіндірді
Қарапайым пайдалы әдет: дәрігерлер бір уақытта қанша су ішуге болатынын түсіндірді
  • Massaget
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
  • 1bol.kz
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
  • aqshamnews
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
  • aqshamnews
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
  • aqshamnews
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
  • aqshamnews
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
  • aqshamnews
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
  • aqshamnews
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
  • aqshamnews
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
  • aqshamnews
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
  • aqshamnews
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
  • aqshamnews
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
  • arbatmedia.kz
  Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
  • aikyn
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
  • Massaget
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
  • aqshamnews
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
  • baq.kz
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
  • Massaget
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
  • sn.kz
  Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
  • aikyn
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
  • halyq-uni
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
  • baq.kz
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
  • aqshamnews
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
ФИФА-ның бұрынғы президенті: “Мен монстр жасадым”
ФИФА-ның бұрынғы президенті: “Мен монстр жасадым”
  • bassport.kz
Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
  • turkystan
Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
  • sn.kz
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
  • penalty
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
  • qaz365.kz
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
  • qaz365.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
  • sn.kz
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
  • halyq-uni
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
  • halyq-uni
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
  • almaty_tv
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
  • almaty_tv
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
  • turkystan
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
  • turkystan