ЮНИСЕФ өкілдері Судандағы балалардың жағдайына алаңдаулы. Себебі атыс-шабыстан қазір балаларға көп қауіп төніп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.Шығыс Африкадағы бұл елде қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Атыс-шабыс салдарынан 9 бала қаза тауып, 50-ден астамы жараланды. Бірнеше күн ішінде 400-ден аса тұрғын мерт болған.Әсіресе ел астанасы Хартумдағы ахуал күрделі. Қалада жарық жиі өшіріліп, дәрігерлер қиын жағдайға тап болған, жарықтың болмауынан тоңазытқыштағы дәрі-дәрмек бүлініп жатыр. "Қарулы қақтығыстан әсіресе балалар қатты зардап шегіп отыр. Тойып тамақ ішпейтін, сондай-ақ тәулік бойы күтімге мұқтаж 50 мың кәмелетке толмаған бар. Солардың барлығы аса маңызды көмектен қалыс қалып отыр. Бірақ оларға гуманитарлық көмек көрсете алмаймыз. Өйткені қызметкерлеріміздің қауіпсіздігіне алаңдаймыз", - дейді ЮНИСЕФ баспасөз хатшысы Джеймс Элдер.