Ауа райының нашарлауына байланысты 13 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 53 учаскесінде және облыстық маңызы бар 85 учаскеде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық, республикалық маңызы бар 3 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.ТЖМ және оның аумақтық бөлімшелері республикалық және облыстық жедел штабтар құрды, психологтарды тарта отырып, "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.