Аудандық бөлім басшысы жарты миллиард теңге ұрлады

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы екі сыбайласымен бірге жеті жылға сотталды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Айдын Қазжанов мердігер компанияның директоры Юрий Цековпен бірге бюджет қаражатын ірі көлемде және бірнеше рет ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Техникалық бақылау инженері Жанкелді Ешмұхамедов та оларға өз қызметімен көмектескен.Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы маусым мен қараша айларында үшеуі өзара келісіп, жолды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған. Сол кезде атқарылған жұмыстар туралы жалған актілер жасалды. Ал барлық жұмыс артығымен көрсетілді. Атап айтқанда, «Шұқыркөл-Беспавловка» жолын жөндеуге қыруар қаржы бөлінді. Бірақ ешқандай жұмыс атқарылған жоқ. Осылайша, бюджеттен 427 миллион теңге ұрланды. Сотта қылмыстық топтың кінәсі дәлелденді. Куәгерлер мен мамандар бәрін растады. Сарапшылар да өз тексерісін өткізді. Судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтады. Сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қазжанов, Цеков пен Ешмұхамедов кінәлі деп танылып, әрбіреуі жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үшеуі де қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберіледі, - делінген ресми хабарламада. Бұдан бөлек, Қазжанов өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал Цеков пен Ешмұхамедовке қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы басшылық қызметті атқаруға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері