Оқиғадан кейін ірі шекара бекеті жабылды,-деп жазады Халық үні.Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болып, екі ирандық шекарашы мен бір «Талибан» содыры қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше сарбаз жарақат алған. Қақтығыс суға таластан туған. Оқты кімнің бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр."Бүгін Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды. Бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді", - деді Талибан басқаратын Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор. Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.