Ауғанстанның оңтүстігінде болған жол апаты салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.Қайғылы жол-көлік оқиғасы 17 наурызда таңертең Оңтүстік Қандағар мен Батыс Герат провинциялары арасындағы Гильменд провинциясының Герашк ауданында болды, деп жазады Associated Press Гильменд департаментіне сілтеме жасап."Мотоцикл жолаушылар автобусына соғылып, содан кейін жолдың қарама-қарсы жағында кетіп бара жатқан жанар-жағармай таситын көліктің астына түскен. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді жергілікті полиция.Жараланған 38 адамның 11-і ауруханаларға жеткізілді.