Ауғанстанның батысы мен көрші провинциялардағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 445-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Герат провинциясының табиғи апаттарды жою басқармасының директоры Мавлави Ашаридің айтуынша, ең көп зардап шеккен аймақ – Герат округіндегі ауылдық аймақтар болып отыр. Онда 13 ауыл толығымен қирап қалған.Еске салайық, 7 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында Ауғанстанның батысындағы Герат қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері көршілес Бадғис және Фарах провинцияларында да сезілді. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, бірнеше рет болған жер сілкінісінде 5,9 және 5,5 баллдық дүмпулер болды. Табиғи апат салдарынан 3 мыңға жуық адам зардап шекті.