Ауғанстанда «суицидтік ойлар» пандемиясы басталды – БАҚ

Ауғанстандағы әйелдер қауымы күйзеліске ұшырап, биліктің қыспағына шыдас бере алмауда. Әсіресе білім алуға мүмкіндіктері жоқ жас қыздар өз өздеріне қол жұмсау туралы жиі ойлай бастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.«Мен жай ғана біреудің менің дауысымды естігенін қалаймын. Маған оңай емес және мен сияқтылар көп. Менің тобымдағы қыздардың көпшілігінде суицид туралы ойлар болды. Біз бәріміз күйзеліс мен мазасыздықтан зардап шегеміз. Бізде үміт жоқ», - дейді Ауған университетінің студенті көз жасын төгіп. Жиырмадан асқан жас қыз өткен жылдың желтоқсанында Талибан қозғалысының Үкіметі студенттерге университетке баруға тыйым салғаннан кейін өз өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол психологтың көмегімен емделуде. Оның сөздері Ауғанстандағы Денсаулық дағдарысын сипаттайды. «Бізде Ауғанстанда «суицидтік ойлар» пандемиясы бар. Бұл тарихымыздағы ең күрделі жағдай және әлем біз туралы көп айтпайды. Жаңалықтарды оқығанда бәрі аштық дағдарысы туралы оқисыз, бірақ ешкім психикалық денсаулық туралы айтпайды. Бұл адамдар баяу уланып жатқан сияқты. Күн өткен сайын олар үмітін үзеді», - дейді психолог. Психологтың айтуынша, қыздарға университеттерге баруға тыйым салынатынын жариялағаннан кейін екі күн ішінде одан 170 нәзік жанды көмек сұраған. Бүгінде күніне дәл сондай 10 шақты қоңырау түседі екен. Оның пациенттерінің көпшілігі қыздар мен жас әйелдер. БҰҰ 40 жыл бойы соғыстан шаршаған Ауғанстанның терең патриархалдық қоғамында әрбір екінші адам (олардың көпшілігі әйелдер) 2021 жылы Талибан билікке келгенге дейін психологиялық күйзеліске ұшырады деп есептейді. Бірақ Би-би-си сарапшылары Талибан Үкіметінің әйелдер бостандығын басып-жаншуына және елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты жағдай бұрынғыдан да нашар екенін айтты. Жергілікті адамдар суицид туралы көп айта бермейді. Бірақ арасында кейбірі келісімін берген. Надир есімді жергілікті тұрғын қызының осы жылдың наурыз айында жаңа оқу семестрінің бірінші күні өзін-өзі өлтіргенін айтады. «Осы күнге дейін ол мектептер қыздарға қайта ашылады деп сенді. Бірақ олай болмағандықтан, ол өз-өзіне қол жұмсады. Ол мектепті жақсы көрді. Ол ақылды, ойлы және біздің елге оқып, қызмет еткісі келді. Олар мектептерді жапқанда, ол қатты ренжіп, көп жылады», - дейді ол. Надир сұхбат берген кезде денсаулығының нашарлай бастағаны анық байқалған. «Біздің өміріміз жойылды. Мен үшін басқа ештеңе жоқ. Мен бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгейдемін. Менің әйелім қатты алаңдайды. Ол үшін біздің қызымыз қайтыс болған үйде тұру өте ауыр», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Щучинскте монша өртеніп кетті
Футбол алаңынан саясат алаңына
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Түркістанда тағы бір жайлы мектеп ашылды
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті