Ауғанстандағы зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы әйелдер мен балалар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Еске салайық, өткен аптада Ауғанстанның батысында магнитудасы 6.3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.Талибан үкіметі хабарлағандай, қазанның 7-де Герат провинциясында зілзаладан 20 ауылда 2 мың үй қирап, 2 жарым мыңдай тұрғын қаза тапты. Сонымен қатар 1700-ге жуығы жараланған. Айта кетсек, дәл осы аймақта сәрсенбіде жер дүмпу қайталанып, 1 адам мерт болып, жүздеген үй тағы құлаған.