Ауғанстаннан Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне героин тасығандар анықталды

ҰҚК жедел жете тексеруі барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне героин контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталды, - деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі.Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады. Жете тексерудің соңғы кезеңі Германияда 60 кг апиын мен 12 кг метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдікті ұстау болды.Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Биыл ақпан айында басқа жете тексеру шеңберінде трансұлттық есірткі құрылымына қатысушылардың ауған есірткілері контрабандасының кезекті халықаралық арнасын ұйымдастыру ниеттері әшкереленді. Есірткі тізбегінің барлық буындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасының негізгі ұйымдастырушысы – Испания азаматы ұсталды, одан Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Еуропаға жеткізілген 10 кг метамфетамин алынды. Еуропада алынған есірткінің нарықтық құны 2.5 млн АҚШ долларынан артыққа бағаланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алдағы күндері батыс аймақтарда 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін
Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты - БАҚ
Шымкентте жаңа «Toyota Center Shymkent» дилерлік орталығы ашылды
Сенатта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді
Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты
Қызылорда облысында жасөспірімдер құрдасын өлтірді деген күдікке ілінді
Абай облысында кәсіптік бағдарлау лагерлері ұйымдастырылады
Миллиардер миына чип қойдырғысы келетін адам іздеуде
Жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлеу қағидаларын әзірленді
Су тасқыны. Ірі компаниялар тұрғын үй салуға және сатып алуға көмектеседі
Түркістан облысында көрші үйдің дәретханасынан өлі табылған бүлдіршін жерленді
Мұрат Нұртілеу Ресейдің сыртқы істер министрімен кездесті
Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алды
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Қуандық Бишімбаевтың балалары тегін өзгертпек
Бірнеше фармацевтикалық компанияға айыппұл салынды
Фильмдегі әрбір сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Қазақстандағы су қоймаларының қазіргі ахуалы қай деңгейде
Таразда 60 шақырымнан аса канал тазаланып жатыр
Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді
Семейде көшеден ер адам өлі табылды
Жақып Асанов Дүниежүзілік банк және БҰҰДБ өкілдерімен кездесті
Оралда бүлінген баспананың есебі анықталып жатыр