Әулиекөлдегі от шалған орман ағаштары сатылып жатыр. Қазірдің өзінде қазынаға 676 миллион теңге түсті. Еске салайық өткен жылы «Семиозер» орман шаруашылығында 29 мың гектар аумақты өрт шалған. Ормандағы күйген ағаштарды 6 бригада кесіп жатыр. Жұмысшылар жыл басынан бері 94 гектар аумақты тазартқан. Жыл соңына дейін екі мың гектарды еңсеру керек.Азамат АХМЕТҚАЛИЕВ, МЕХАНИЗАТОР: Күніне санағанда 20-25 куб жинаймыз ғой. Күні бойы санағанда. Енді материал әртүрлі бізде. Сорт әртүрлі соның бәрін жинаймыз.Жеңіл деп айта алмаймың. Қиын деп те айта алмайсың. Сегіз жарымнан бастаймыз. Кешкі бесте жиналамыз кетеміз. 40 мың гектар орман аумағын тазартуға кемінде он жыл қажет, дейді мамандар. Дәл қазір от шалған аумақтың он проценті аршылған. Ал ағаштың бағасы әртүрлі. Отынға жіберілетіннің текше метрі 420 теңге, құрылысқа жарамды бөренелердің құны 16 мың теңге шамасында. Орман шаруашылығы түскен қаражат есебінен 12 арнайы көлік сатып алмақ. Оның сыртында тұқымбаққа қажетті тұқымсепкіштер алуды көздеп отыр. Еркін БАЙМАҒАНБЕТОВ, "СЕМИОЗЕР" ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сұраныс бар. Негізінен жергілікті тұрғындар сатып алады. Түскен қаржыны орман шаруашылығының қажеттілігіне жұмсаймыз. Алқапты тазартуға, ағаштар отырғызуға, орманды қорғауға бағытталады. Одан қалды жұмысшылардың жалақысын төлеп, салықты жауып отырмыз.