Әулиекөлдегі алапат өрт: Орман шаруашылығының экс-директоры сот залынан босатылды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ірі өртке қатысы бар деп айыпталған «Басаман» орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды.Айыптау актісіне сәйкес, 2020 жыл - 2022 жылдың қыркүйегі аралығында орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашев лауазымын пайдаланып, жекеменшік иелеріне өрт тұтану қаупі жоғары кезеңде ағаштарды рұқсат құжаттарсыз кесуге мүмкіндік берген. Сол үшін 15 млн теңге көлемінде сыйақы алған деп айыпталды. Прокурор Асхат Жақашевті 7 жылға бас бостандығынан айырып, зардап шеккендердің азаматтық арызы бойынша 21 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті. Істі қарау кезінде сот қылмыстық іс бабын ауыстырды: Жақашев ісі сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша берілген болатын. Бұл қылмыстың құрамын сот дәлелсіз деп тапты. Нәтижесінде А.Жақашевті «Салғырттық» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сот Асхат Жақашевтің бостандығын 3 жылға шектеп, үш жыл белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айырды. Зардап шеккендердің азаматтық арызы бойынша талаптарын сот қанағаттандырмады. Істі соттың қарауы кезінде Жақашев қамауда болды. Үкімді оқу кезінде сот залында отырған оның туыстары мен жақындары қуаныштан көз жасын тия алмады. Кейін залда дуғол шапалақ соқты. Еске салайық, былтырғы қыркүйек айында Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті тұтанған болатын. Ондаған үй зардап шекті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
БӘЙДІБЕКТІК ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Пластиктен сабын жасауға болады
Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?