"Аурухана екі рет қабылдамай қойған": Балқашта соқыр ішекке ота жасатқан әйел көз жұмды

Қарағанды облысы Балқаш қаласының ауруханасында көз жұмған 47 жастағы әйелдің туыстары кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.Жақындарының айтуынша, Меруерт Ауылбаева соқыр ішекпен барса да, дәрігерлер оны бірнеше мәрте қабылдамай, отаны тым кеш жасаған. Соның кесірінен науқастың жағдайы ушығып, емдеу мекемесінде көз жұмды дейді. Қазіргі таңда медициналық мекемеде тексеріс жүргізіліп жатыр. 47 жастағы Меруерт Ауылбаева 27 шілдеде ауруханаға үшінші рет барғанда, соқыр ішекпен жатқызылды. Алайда дәрігерлер отаны бір апта өткеннен кейін жасапты. Қызуы көтеріліп тұрғанына қарамай, оны шығарып жібергенін айтады. Соның салдарынан әйелдің жағдайы ушығып, ота жасалған жері іріңдеп кеткен. Осыдан кейін оған тағы ота жасалып, ақырында жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмған. “24 және 27 шілде күні әпкем Балқаш қаласының ауруханасына екі рет жүгінген, бірақ оны қабылдамай қайтарып жіберді. Тек үшінші рет барғанда, шілденің 27-сі қабылдаған. Неге оны екі рет қабылдамай қуып жіберген?! Бас дәрігермен хабарласқанда, “бәрі жақсы болады, уайымдамаңыз, реабилитацияға дайындай беріңіз” деді, біз алаңсыз дайындалып жүрдік. Бес күннен кейін ол жан тапсырды. Жауапты адам болса тиісті жазаға тартылсын деп сұраймыз”, – деді марқұмның ағасы Айтбек Ауылбаев. Қазір облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің мамандары емдеу мекемесінде тексеріс жүргізіп жатыр. Оған тәуелсіз сарапшылар тартылған. Сот-медициналық сараптама да тағайындалған “Балқаш қаласының емханасы мен ауруханасына тексеріс жүргіземіз. Тексеріс аяқталған соң нәтижесін тергеу органдарына процессуалды шешім шығару үшін жібереміз. Сондай-ақ, сапалы қызмет атқармаған жергілікті дәрігерлерге шара қолдану үшін де денсаулық сақтау басқармасына барлық құжаттар жіберіледі”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Ольга Смирнова. Полиция істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандарын жеткізді. Меруерт Ауылбаеваның туыстары тексеріс жан-жақты жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылсын деген талап қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды