Ауруханада өткен 60 күн: алматылық дәрігерлер күйік шалған ер адамды аман алып қалды

№4 қалалық клиникалық аурухананың комбустиологтары денесінің 70 пайызын күйік шалған науқастың емі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 34 жастағы ер адам ауруханадан үйге шығарылды.Жазатайым оқиға сәуірдің 20-да таңертең орын алған. Шухраттың жұмыс орнында дизель отынының багы жарылып, нәтижесінде ол жалыннан күйік алған. Оқиғадан кейін ер адам бірден жақын маңдағы Ұйғыр ауданындағы ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас жедел жәрдем бригадасының сүйемелдеуімен Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.- Жансақтау бөлімінде терапевт, нейрохирург, хирург, реаниматолог, травматолог мамандарымен көпбейінді тексеру жүргіздік. Термиялық зақымдану аймағының тереңдігі мен кеңдігі, ауырсыну синдромының 8 балл болуы, күйік ауруы салдарынан науқастың жалпы жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған денедегі 70-79% термиялық күйік, күйік токсемиясы сатысындағы күйік ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының күйігі диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, ол келесі 9 күнді сонда өткізді,- дейді Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.Екі ай бойы №4 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы ер адамның өмірі үшін күресті. Емдеу күн сайын дерлік аурухананың реаниматолог, терапевт, кардиолог, клиникалық фармаколог және эндокринолог бар дәрігерлер тобының қатысуымен түзетілді. Хирург дәрігерлер науқасқа тері трансплантациясы бойынша екі ота жасады.- Аутодермотрансплантат толық орнықты. Донорлық аймақта қабыну белгілері жоқ. Науқас қазірдің өзінде өзі жүреді және одан әрі амбулаторлық ем алу үшін қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылып жатыр, - деп түйіндеді бөлім меңгерушісі Елдос Әлменов.Оталық топ: Әлменов Елдос Әділханұлы – хирург, Каримов Айбек Қасымжомартұлы және Асипов Сәрсембі Сейтжанұлы – ассистенттер, Раимбеков Канатбек Кабденович – анестезиолог, Абижанова Айгерім Бақытқызы – оталық медбике.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жәнібек Әлімханұлы үш бірдей чемпиондық белбеу үшін рингке шыға ма?
«Тоттенхэм» – «Ливерпуль» матчына болжам (АПЛ, 22 желтоқсан 2024 жыл)
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты