Аустралияның Бичпорт қаласындағы жағажайда акула әйелге жабуыл жасады, - деп хабарлайды Астана телеарнасы ABC News басылымына сілтеме жасады.Басылым мәліметінше, акула әйелге екі рет шабуыл жасаған: басында ол аяғын тістеген, кейін жыртқыш қолына тап берген. Жарақат орнында терең жара қалған.Судан шығуға басқа шомылушылар көмектескен, олар дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен. Әйелдің белі және қолы жараланып, ауруханаға түсті. Қазір оның жағдайы тұрақты. Өкінішке орай мұндай шабуылдар жиілеп кетті. Туристер демалыс кезінде барынша сақ болғаны дұрыс.