"Аутизмге шалдыққан балалар білім алуға, спортпен шұғылдануға құқылы", - Д. Гаплан

Елордада "AMANAT" партиясының қолдауымен "Run for Autism" қайырымдылық марафоны өтті. Аутизм дертіне шалдыққандардың қабілеттерін ашуға және көпшілік назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған жарысқа екі мыңнан астам адам қатысты. Шараға 13 млн теңгеге жуық қаражат жиналған. Қаржы инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, «Әрбір бала мектепке лайық» жобасына бағытталады. Айта кетейік, елімізде бұл дертке шалдыққан 16 700 бала бар. Қаламқас ШАЙКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Бүгінгі болып жатқан қайырымдылық жүгіріс менің ойымша балаларға тең мүмкіндік сыйлайды. Осындай балаларға өз құрдастарымен теңдей білім алуға, тәрбие алуға, ортаға қосылуға үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін. Динара ҒАПЛАН, "БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:Аутизм туралы адамдардың көбірек білгені маңызды. Бұл дертке шалдыққан балалар ерекшелігіне қарамастан мектепке, балабақшаға барғысы келеді. Олар білім алуға, спортпен шұғылдануға құқылы. Бүгінгі шараны осы мақсатта жасап жатырмыз. Адамдар ерекше жандарға әрдайым көмек көрсетуі, мейірім мен жылуын төгуі дертке шалдыққандарға өте маңызды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі жарияланды
Алматыда 20 жастағы боксшыны пышақтап өлтіріп кеткен
Әнші Мақпал Жүнісова өзіне сыйланған ең қымбат сыйлықтың бағасын айтты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды