Аутизмге шалдыққан балаларды қазақ тілінде оқытатын кітап жарық көрді. Оқулық «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен ағылшын тілінен аударылған. Оны тәржімалауға тәжірибелі мамандар тартылған екен. Барлығы - сал ауруна шалдыққан балалармен тікелей жұмыс істейтін мамандар. Бұл кітапты әлемнің 12 елінде оқытады екен. Жазира ЕСКЕНДІРОВА, «ABLLS-R» АУДАРМА ТОБЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ: 2-2 жарым жыл уақыт кетті. Өйткені біз осы аударманы тілін оңайлатуға тырыстық. Неғұрлым оңай аударуға тырыстық. Жиын барысында құралды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері де көрсетілді. Тренингке әр өңірден келген 120-дан астам маман қатысты. Олардың арасында психолог, логопед, дефектологтар мен науқас балалардың ата-аналары бар. СНХДинара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгін бізде тұсаукесер. Ерекше балаларға арналған ерекше кітапты дайындадық. Кәсіби әдебиетті аударудың арқасында біз қазақ тілді мамандарға түзету педагогикасының озық әдістемелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береміз, осылайша еліміздегі ерекше балалармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін жағдай жасаймыз.