"Ауыл әкімін халық сайлағаннан кейін өзгеріс байқалды". Тұрғындар осылай деп пікір білдіруде. Мәселен, Атыраудағы Қамысқала ауылдық округі мен Түркістандағы Таукент кентінің әкімін жергілікті халық өздері таңдаған. Олар ауылдың жағдайын бес саусақтай біледі. Күрмеуі қиын мәселелерді «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының нәтижесінде шешімін табуда. Рафиғат Тәжиденова 2017 жылдан бері Атырау облысындағы Қамысқала ауылдық округін басқарып келеді. Жергілікті халық оны 2021 жылы қайта сайлады. Ол үнемі бұқарамен кеңесе отырып, ауылдағы кем-кетікті түзеп келеді. Бұған дейін ауыл ішінің 19 пайызында ғана тас жол болса, бүгінде 8,6 шақырым асфальт төселіп, 4,3 километр жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Ауыл ішіне жарық орнатылуда. Сонымен қатар кіші футбол және ойын алаңы пайдалануға берілді. Жарты ғасыр бұрын халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория да жаңартылды. Рафиғат ТӘЖИДЕНОВ, ҚАМЫСҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енгізіліп, биылғы жылы 113 млнға түгел күрделі жөндеуден өткізіліп, биылғы жылдың көктемінде халықтың игілігіне қайтадан пайдалануға берді. Бұл жерде де үлкен кедергілерді шешуге маған «AMANAT» партиясы көмектесті. Ауылдық округке қарасты 3 елді-мекенде 800-ге тарта отбасы түтін түтетіп отыр. Ауыл әкімі 15 қандасты шақырып қойған. Қоныстанған соң жүзім өсіруді, құс шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Шаруашылықтардың басын қосып, кооператив құрмақшы. Одан өзге тарихи-мәдени мүмкіндігін пайдаланып, ауыл туризмін дамытсақ,- дейді. Бұл бастамаларды ауыл халқы қолдап отыр. Бекежан ЖАҚСЫМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Цивилизация келіп жатыр бізге жалпы. Мынау Рафихат әкім болғаны кішкене қозғалыс бар деп айтамыз. Әйел адам ғой, мейірімді болады, әділ болады деген оймен халық бәріміз сайладық. Алға қарай да ауылымыздың көркейе беруіне үлес қосса, қолдаймыз. Марат МАХАМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл әкімін халық сайланғаннан кейін өзгеріс бар. Себебі халықтың талабы бар қоятын. Жақсы орындалып жатыр. Биылғы жылы өмірде болмаған жақсылықтар жасалып жатыр. Инфрақұрылыс жүріп жатыр. Ал Түркістан облысына қарасты Таукент кентіндегі соңғы бір жылда біткен істің бірі -«Атомшылар аяллеясының» салынуы. 8 мыңға тарта тұрғыны бар елдімекен үшін көшелерді жарықтандыру да өзекті болды. Созақ ауданына қарасты ауылға халық әкім етіп сайлаған Серік Маманов демеушілерді тарта отырып тұрғындардың тілегін орындап келеді. Осындағы саяжайларға барар жолдардың бойы түнгі қараңғылықтан құтылыпты. Әкім «AMANAT» партиясының «Ауыл амананы» пилоттық жобасы бойынша да келер жылғы жоспарымен бөлісті. Серік МАМАНОВ, ТАУКЕНТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ: «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өзінің кәсібін дөңгелетіп, әрі қарай жұмыс жалғастырам деген бізге сұранып кеп жатқан азаматтар мен азаматшалар өте көп. Оның бірі - пластик терезелерін ашамын деп жатыр. Кондитерлік тәтті тағамдар шығаратын шағын наубайхана, цех ашамыз дейді, сондай ұсынып жатқандар көп. Таукентте асфальт төселмеген, жарық тартылмаған көшелер бар. Осы секілді мәселелерді жоспар бойынша жүзеге асыруды көздеп отыр.