Елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына 82 млрд теңгеден астам 13 мың шағын несие берілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлімдеді. Жұрт негізінен мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқан. Былтыр бұл саланы қолға алғандардың үлесі 80 пайыз болды. Вице-министр бағдарлама аясында несие алып, табысты болған жобаларды, оның ішінде Қызылорда облысындағы томат пастасын шығаратын цехты ерекше атап өтті. Ербол ТАСЖҮРЕКОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:Несиеге 27,6 млн теңге алып, томат пастасы мен консервіленген өнімдерді өндіру желісін сатып алды. Цехтың қуаттылығы - тәулігіне 2 тонна өнім. Бүгінгі таңда 25 мың банка өнім – томат пастасы, аджика, салаттар сынама ретінде дайындалды. Кәсіпкер сапа сертификатын алды. Министрлік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 100 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Ауыл тұрғындары әзірленген ақпараттық жүйе бойынша өтінім беріп, үйден шықпай-ақ шағын несие ала алады. Жаңа жүйе Жамбыл облысында іске қосылды.