"Ауыл" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты. Кандидаттар Семей қаласында ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктерін құрастыратын зауытқа барды."Ауыл" партиясының өкілдері өнеркәсіп қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайымен танысты. Техникалық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді. Партияның алдағы жұмыс сапары еліміздің батысында жалғасады. Кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жүргізуді жоспарлап отыр.