«Ауыл» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Саяси бірлестік өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірлерді аралауға кірісті. Алғашқы аялдама - Жамбыл облысы.Кездесуде партия өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Ал зауыт қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Кандидаттардың бір бөлігі Жамбыл облысының аудандарын араласауды жоспарлап отыр. Оның ішінде Меркі, Рысқұлов және Жуалы ауданы бар. Үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып жүрген негізгі топ ертең Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Үгіт-насихат кезінде "ауылдықтар" еліміздің барлық өңіріне баруды көздеп отыр. Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Республикалық штабтан бөлек, 20 өңірдің барлығында облыстық штабтар жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек барлық аудандар мен қалаларда штабттар құрылған. Сонымен бірге, 1,5 мыңнан астам біздің «Ауыл» партиясының мүшелері штабтардың құрамында жұмыс жасайтын болады.