"Ауыл" партиясының мүшелері батыстағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Маңғыстау облысынан бастады. Бүгін кандидаттар Түпқараған ауданына барып, балық өсіретін компания жұмысшыларымен кездесті.Балық шаруашылығымен айналысып отырған ірі қожалық өнімдерін ел аумағына ғана таратып қоймай, шет мемлекеттерге де экспорттайды. Саяси ұйым мүшелері жұмысшылармен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Одан кейін, Мұнайлы ауданына барып, фермерлермен жүздесті. Сайлаушылар саладағы түрлі мәселелерді көтеріп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Қуаңшылықтың алдын алу амалдары жайлы пікір алмасты. Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ертең Атырау облысында жалғасады. Әли БЕКТАЕВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Ауыл" партиясының өкілдері Қазақстанның барлық өңірінде осындай кездесулер өткізіп жүр. Бүгінгі таңда өңірлердің 80% астамын қамтыдық. 2 мыңнан астам кездесу өткіздік. Оған орта есеппен 200 мыңға жуық азаматтар қатысты. Кеше кештетіп Маңғыстауға келдік.