«Ауыл» партиясының облыстардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Партия мүшелері Ұлытау және Павлодар облысының жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесіп, сауалдарына жауап берді. Саяси науқанның маңызын түсіндірді.«Ауыл» партиясының мүшелері алдымен Ұлытау облысындағы сайлаушыларымен кездесіп, саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Жиынға қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері мен ақсақалдар қатысты. Кездесуде облысқа қарасты ауылдардағы қызмет көрсету саласындағы мәселелер қаралып, сапасын қала деңгейіне көтеру жолдары талқыланды. Бұл облыс Президент тапсырмасына сай былтыр жаңадан құрылды. Жүзеге асырылатын жобалары көп. Кездесу барысында жан-жақты сөз етілді. Ал Павлодар облысындағы жұмыс тобы Локомотив жөндеу зауытына барып, жұмысшыларымен әңгімелесті. Жастарды еңбекке баулу шарттары жөнінде сөз болды. Кандидаттар кәсіпорындағы еңбек жағдайымен танысты. Кездесуде сайлауға қатысудың маңыздылығы туралы айтылды. Теміржолшылар саланы дамытуға қатысты ұсыныстар айтып, талқылады. «Ауыл» партиясының мүшелері ертең Қызылорда қаласына барады. Сыр өңірінде үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырады. Самат ӨСКЕНБАЕВ, ЛОКОМОТИВ ЖӨНДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Менің ұжымымда 180 адам жұмыс істейді. 19-ы болатын саяси науқанға қатысамыз. Өз таңдауымызды жасаймыз. Парламентте қабылданатын заңдар халыққа жұмыс істейді деп сенеміз. Сол үшін біз сайлауға барамыз.