"Ауыл" партиясының өкілдері Абай облысына барып, тұрғындармен жүздесті. Өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын талқылады.Жалпы Семей қаласында әлеуметтік маңызға ие 40 бағыт бар. Үш автопарк жұмыс істейді. Депутаттыққа үміткерлер шаһардағы қоғамдық көліктерге мініп, жолаушылармен әңгімелесті. Семейліктердің сайлауға деген көзқарасын біліп, оларға саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Асылан ҒАЗИЗОВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Сайлау мен үшін -Қазақстан экономикасын дамыту және жастардың жарқын болашағы үшін маңызды. Ал енді бүгінгі таңда партия активистерімен наклейкалар жапсырып, жолаушылармен сұхбаттасып, ашық әңгіме жүргізудеміз. Мұндай саяси науқандарды өткізбеуге тырысамын және өзім де дауыс беремін.